Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күтемін сені, бауырым": Жас сарбаздар TikTok арқылы жігіттерді әскерге шақырды

Әлеуметтік желілерде жас әскери қызметкерлердің TikTok-тағы жаңа трендке билеп жатқан видеолар таралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскерге келуге үндейтін трендке қатысты түсініктеме берді. 

Бір күн бұрын TikTok желісінде үш жас жігіттің әртүрлі жерде билеп жүргені бейнеленген видео жүктелген болатын. Алдымен саябақтағы орындықта, содан кейін әскери бөлімнің аумағында авиациялық техниканың жанында сарбаздардың билегенін байқауға. 24 секундтық видеода жігіттер үш рет киім ауыстырып үлгерген. Бейнебаян "Күтемін сені, бауырым" ​​деп аяқталады.

Видеоның астында “Әскерге шақырудың жақсы түрі екен”, “Керемет жаңашылдық, жарайсыңдар, жігіттер!” деген жазбалар қалдырған. 

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеода биылғы көктемде әскери қызметке шақырылған әскерилер би билеп жатыр. Ортада – Әділбай Нұрболат. Артқы жағында Әділ Биділдаев пен Арман Сайдуллаев. Жігіттер 20-22 жаста, өздері бейнебаян түсіруді ұйғарып, бөлімше басшылығына ұсыныс жасаған.

Жігіттер Алматы облысында, Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімінде қызмет етуде. Түсірілім құпия емес аумақта өтті.

"Қазір жігіттер оқу орталығында, олар тиісті білім, мамандықты сол жерде алады. Қалған алты айын басқа әскери бөлімдерде өткізеді", – деді министрліктің баспасөз қызметі. 

Бейнежазбаға қатысты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желі қолданушыларының пікірлері негізінен оң екенін атап өтеді.

"Жігіттердің өздері видео түсіруді ұйғарды, бұл олардың бастамасы", – деп тағы да баса айтады департаменттің баспасөз қызметі бұл оқиға армияның имиджін жақсарту үшін түсірілген деп ойлаған адамдардың пікірлеріне жауап беріп.

Бейнежазба осындай жауап алған соң жігіттер марапатталады ма деген сұраққа департамент бұл мәселе бойынша әлі шешім қабылданбағанын атап өтті.

@qazaq_army Ждем тебя, брат! #QazaqArmy #KazakArmy #ҚазақӘскері #modgovkz #Армия #ВСРК #Казахстан #Қазақ #ОтанҚорғау #ЗащитникОтечества #ВооруженныеСилы ♬ оригинальный звук - QazaqArmy

Талқылау