Күшейтілген карантин кезінде 42500 теңге төлене ме: Вице-премьер жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап күшейтілген карантин кезеңінде 42500 теңге төленеді ме деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Барлық төлемақылар төтенше жағдай режимімен байланысты. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, енді төлеуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан барлық азаматтар жұмысын жалғастыруы керек", - дейді Ералы Тоғжанов.
Естеріңізге сала кетейік, ТЖ режимі елімізде 16 наурыздан басталып, 11 мамырда тоқтатылған еді. Осы уақыт аралығында табысынан айырылған қазақстандықтарға 42500 мөлшерінде жәрдемақы төленді.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан үкіметі елде 14 күндік қатаң карантин енгізілгенін хабарлады. Мемлекеттік комиссия қандай нысандардың жұмысына шектеу қойылатынын жария етті.
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”