Құрқылтайдың ұясы бедеуліктен өзге 80 түрлі ауруға ем
Қазір көпшілік дәрі-дәрмектен гөрі табиғи ем түрін дұрыс көреді. Соның ішінде ата-бабаларымыз ежелден емге қолданған тәсілдерге деген қызығушылық басым. Осындай тәсілдің бірі – құрқыл.
Құрқылтай ұясы бедеулікке таптырмас ем екенін жазған болатынбыз, деп жазады Замана газеті.
Осы мақалаға орай бізге Астана қаласынан Ғабит Әлмаханұлы есімді азамат хабарласты. Ол бізге құрқылтай ұясының тек бедеулік емес, одан бөлек 80 түрлі ауруға шипа болатынын айтып берді.
«Атам – әкемнің ағасы кезінде құрқылтайдың ұясымен талай адамды аурудан дәрісіз-ақ емдеп жазғанын білемін. Тіпті қазір дәрігерлер операция жасатпаса болмайды дейтін кеселдердің өзі осындай 1-2 емнен кейін жазылып кететінін көріп өстім.
Құрқылтай – қасиетті құс. Ол ұясын аң-құс көп болатын қалың, ну орманда емес, қаупі аздау тоғайдағы биіктеу ағаштың ұшар басындағы бұтағына сілекейімен араластырып, тоқып «іледі». Бірақ берік бекітетіні сондай, желмен тербелсе де жерге түспейді. Оған адам түгілі, жорғалаған жылан да жете алмайды. Өйткені жылан қанша жармасса да бұтақтың иілгіштігінен жерге сырғып түсіп қалады.
Атам бұл құсқа зиян тигізуге болмайды, киесі ұрады деп жиі айтып отыратын. Ал ұяны балапандары қанаттанып, ұшқан кезде – күзде ғана жинайтын. Ұя 6-7 метр биіктеу жерде болады. Атам алдымен дұға оқиды. Сосын ат үстінде ерге аяғын тіреп тік тұрады да, мені көтереді. Қолыма ұзын таяқ беріп қояды. Мен ұяны сол таяқпен іліп алатынмын. Бұл менің шамамен 7-8 жастағы кезім.
Құрқылтайдың ұясы ең алдымен бүйрек ауруына ем. Ауыл-аймақтағы бүйрегі суықтап-сыздаған, онда құм, тұз бар адамдар дәрігерге емес, атама келетіні есімде. Ол кезде біз Өзбекстанда – Бұқарада тұратынбыз. Атам бісмілләсін айтып, бір ұяны ортасынан екіге бөліп, оны екі бүйрекке таңып қояды. Сыртынан жылы орап қою керек. Құрқылтай ұясы бүлінбейді, сасымайды. Сондықтан бүйрек суықтағанда оны қайтадан қолдана беруге болады.
Әлі есімде, бала кезімде жатыр жарығымен (паховая грыжа) ауырдым. Дәрігерлер оған операция жасау керек деді. Онда да кейін ұрпақсыз болуым мүмкін екенін ескертіпті. Олардың сөзін мұқият тыңдаған атам қолын бір сілтеп, үйге келді де, мені құрқылтай ұясының түтінімен емдеді. Қазір, міне, қырықтан асып барамын. Аллаға шүкір, ұл-қызым бар. Бүгінгі медицинада операциясыз ем болмайды деген аурудан мен пышақ тигізбей, дәрі ішпей, аз-ақ күнде жазылып кеттім.
Өмірінде бір күн ауруханаға жатпаған, дәрі де ішпеген атам жүз жасады. Өмірден өткенше тік жүріп, тік тұрды. Ол кісі: «Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем», – деп отыратын. Балалықпен көп нәрсеге мән бермеппіз. Дегенмен есімде қалған біраз ем түрлерін айтайын.
Емді өзіңіз де жасай аласыз
Құрқылтайдың ұясымен емделу үшін емші іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Оны қалаған адам өзі-ақ жасай алады. Емдік қасиеті бар шөптерден іріктеп, әрі сілекейімен өріле тоқылған ұя жібек сияқты болады. Оның біреуін бірнеше емге пайдалана аласыз. Цистит кезінде немесе бала шыжың болса, ересектерде де зәрдің шықпауы немесе жиі мазалауында, қуыққа тас байланса, қуық қабынса ұядан азырақ бөліп алып, түтіп, шұқырлау темір ыдысқа саласыз да, оған азырақ қана адыраспан қосасыз. Оны адыраспанды түтеткендей түтету керек. Қыз-келіншектер ұзын етек көйлек, ал ер адамдар белінен төмен жамылғы орап алып, сол түтін басылғанша үстінде отырады. Оған ары кеткенде 10-15 минут қана уақыт кетеді. Сосын жылы киініп алу шарт. Екі-үш рет жасаса жеткілікті. Өз басым зәр шықпай қиналған жас балалардың бірінші ем кезінде-ақ шаптырып жібергенін талай көргенмін.
Тап осы амал әйелдердегі суықтау, жатырдағы басқа да ауруларда, бедеулікте, ер-азаматтардағы импотенция, простатитте, бел омыртқасындағы грыжаға да шипа. Тізеде, буындарда, тіпті желкеде тұз болса, сары су жиналу, аяқ буындары ісінуі, сүйектің қақсауында жаңа орылған бидайды сабағымен алып, құрқылтай ұясының аз ғана бөлігімен суға бір қайнатып, айналасын қымтап, сол қоймалжыңға тізерлеп отырады. Оны азырақ мөлшерде жасап, қалыңдау матаға салып, екі тізеге, желкеге таңып қоюға да болады. Қаны қою, ұйып қала беретін адамдарға, радикулит, остеохондрозда да осы амал ем».
Ғабит Әлмаханұлы сондай-ақ он жыл бұрын сыныптасының үлкен қызының бір бүйрегі семіп қалғанын айтты. Ол қызды таныстары жоғарыдағыдай тәсілмен: бүйрекке құрқылтай ұясын таңу арқылы емдеген екен. Бүгінде жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүрген студент қыздың екі бүйрегі де сау дейді. Басқалай жағдайда ол қыз гемодиализге тәуелді болып, бүйрек алмастыру операциясын жасатуына тура келетін еді.
Міне, құрқылтай ұясының осындай ерекше қасиеті бар екен. Мұны да біле жүргеніміз жөн. Дегенмен ем екен деп қасиетті құстың ұясын балапандары қанаттанбаған кезде алып, оның көбеюіне зиян тигізбеу жағын да ұмытпағанымыз жөн. Қай нәрсенің де обалы, киесі болатынын естен шығармайық.