"Күрек, қазан мен қақпақ жасаған": Қазақстандықтар 20 миллион теңгенің жол белгілерін ұрлаған
Жол белгілері мен қорғаныс құрылыстарын ұрлау фактілері жыл сайын тіркеледі. 2023 жылдың басынан бері республикалық маңызы бар жолдардан жалпы құны 20 миллион теңгеге жуық жол инфрақұрылымының элементтері ұрланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astanatv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылы бұл шығын 60 миллион теңгеден астам қаржыны құрады. Көбінесе жол белгілері, шағылдырғыштар мен строб шамдар ұрланады. Белгісіз біреулер жарықтандыруға арналған екі үлкен трансформаторды ұрлап кеткен жағдайлар болды.

Көбінесе жол инфрақұрылымының ұрланған элементтері тұрмыстық мақсатта қолданылады: төртбұрышты жол белгілерінен күректер, дөңгелектен қазандар мен оған арналған қақпақтар, велосипедтерге жарықдиодты шағылыстырғыштар, мал сыртқа шығып кетпес үшін үйге арнайы қоршаулар жасалған.

"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"