Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қураған ағаштар мен қираған балалар алаңқайы: Маңғыстау облысында 7 миллион теңгеге салынған саябақ қараусыз қалған

Маңғыстау облысы Қызылтөбе ауылында қыруар қаржыға салынған саябақ елсіз мекенге айналуы мүмкін. Тұрғындардың сөзінше, бүгінде саябақ қараусыз қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

саябақ

Саябақтағы ағаштар қурап, балалар алаңқайы қираған. Тұрғындар жаңадан сайланған ауыл әкімі саябақты өз бақылауына алса дейді. 

"Негізінде әкімдік саябақты бақылауы керек. Шынымызды айтсақ әкіммен ұрыстан шаршадық. Бұған дейінгі басшы 3 жыл орнында отырып, ештеңе жасамады. Ауылға жаңа әкім сайланды, енді әрекет етеді деп ойлаймыз", – деді тұрғын Назар Нұрлаев. 

Әкімдік өкілдері абаттандыруға қатысты мәселе барын жасырмайды. Бірақ басты мәселе мердігерге байланысты екен. Себебі саябақты абаттандыру үшін 7 миллион теңге бөлген. Алайда мердігер бұл үшін 1,5 миллион теңге жұмсап, қалған 5 миллион теңгені қайтарудан бас тартқан. Енді әкімдік сотқа жүгінбек. 

"Мердігермен тікелей байланысатын мүмкіндік болмады. Телефон арқылы сөйлестік. Ол келген соң мәселе шешілу керек еді. Бірақ байланысқа шығуды доғарды. Почтаға ресми хат жолдадық", – деді Қызылтөбе ауылы әкімінің міндетін атқарушы Ренат Шамұханов. 

Талқылау