Күн жылынады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет елімізде алдағы үш күнде ауа райы жылы болатынын болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы сақталады.
“Тек Республиканың батыс өңірлері мен оңтүстік-шығысындағы тау бөктеріндегі аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі және жел күшейеді.
Түнгі уақытта ауа температурасы әлі де салқын болғанымен, термометр бағандары күндізгі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 20-34 градус шегінде сақталады және тек еліміздің батысында ғана ауа температурасының аздаған төмендеуі болжанады”, – делінген хабарламада.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі