Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күн сайын энергетикалық сусын ішкен": Алматыда 17 жастағы жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Алматыда 17 жастағы жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына "гемофилия В" диагнозымен түскен. Бұрын жасөспірімге қанның ұюының төмен деңгейі диагнозы қойылғаны анықталды.

Тексеру кезінде жасөспірімнен жоғары температура, еріннің қанауы, ауыз қуысының жаралары, буындардың ауыруы және мұрыннан қан кету байқалды. Жасөспірім жүре алмағандықтан, оны мүгедектер арбасымен әкелген.

"Алматы қаласы бойынша тәжірибелі дәрігер – бас балалар гематологы, №2 балалар ауруханасы гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева жігіттің IX фактор көрсеткіші гемофилияның орташа ауыр түріне сәйкес келетінін ескертті. Бірақ 17 жыл ішінде гемофилияның белгілері ертерек пайда болар еді. Сонымен қатар VII фактордың төмендеуі байқалған. Жасөспірімде коагулограмма бойынша гемофилияға сәйкес келмейтін механизмнің ішкі және сыртқы бұзылулары бар", – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Дәрігерлер балаға үш жыл бұрын оған ота жасалғанын, бірақ ота барысында гемофилияға тән ауыр немесе тоқтаусыз қан кету болмағанын анықтады.

"Сөйлесу кезінде жасөспірім энергетикалық сусындарды күнделікті ішкенін білдік. Ол алты ай бойы энергетикалық сусын ішіп, фаст-фудпен тамақтанған. Салдарынан бауыр жұмысы нашарлаған. Біз балаға “бауыр қызметінің бұзылуы” деген диагноз қойдық. Бауырдағы коагуляция факторлары синтезінің бұзылуы. Яғни, протромбиндік кешенді факторлардың жүре пайда болған тапшылығы. Гемофилия диагнозы расталмады. К витаминін енгізу және толықтыру арқылы емдеу жүргізілді", – деді Ұлжалғас Өскенбаева.

Талқылау