"Күл-талқанын шығардық": Трамп Ормуз бұғазының ашық екенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ормуз бұғазы жабылды деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дональд Трамп 12 шілде күні NBC телеарнасындағы Meet the Press бағдарламасында Иранның мәлімдемесіне жауап беріп, Ормуз бұғазының ашық екенін айтты.
"Иә, ол ашық. Біз кеше түнде оның күл-талқанын шығардық", – деді Трамп.
Ақ үй басшысы сондай-ақ Тегеранның келіссөздерді жалғастыруға келіскенін айтты.
"Кеше олар келісімге келуге келісті. Бұл біз үшін мінсіз келісім болар еді. Ешқандай ядролық бағдарлама да, оған ұқсас ештеңе болмайды. Олар бәрінен бас тартты. Бірақ кейін келіссөз бөлмесінен шығып, арада бір сағат өткенде кемеге ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырды", – деді Трамп.
ОқыңызСонымен қатар CENTCOM Иранның Ормуз бұғазын бақыламайтынын мәлімдеді.
"Ормуз бұғазы халықаралық су жолы болып қала береді. АҚШ күштері өңірде орналасқан және оның осы мәртебесінің сақталуын қамтамасыз етуге дайын", – деп жазды CENTCOM X әлеуметтік желіде.
Күні кеше Иран Ормуз бұғазының жабылғанын мәлімдеген еді.
АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, соққы жасауға Кипр туы астында Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан контейнер тасымалдаушы кемеге жасалған шабуыл себеп болған. Вашингтонның мәлімдеуінше, шабуылдан кейін кемеде өрт шыққан, машина бөлімі қатты зақымданып, экипаждың бір мүшесі із-түзсіз жоғалған.
Тегеранда бұл жағдайды басқаша түсіндіреді.
“Кеме "заңсыз бағытпен" жүрген, транспондерін өшірген және теңіз қатынасына қауіп төндірген. Ол ескерту ретінде оқ атылғаннан кейін тоқтаған”, – делінген мәлімдемеде.
Көп ұзамай АҚШ Иранның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелер мен азаматтық кеме қатынасына шабуыл жасау мүмкіндігін шектеу үшін бірқатар соққы жасай бастады.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді