Ыстықтың беті қайтады: Қазақстанда жаңбыр жауып, екпінді жел соғады

Синоптиктер 13 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. “Қазгидромет” елдің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
13 шілдеде Жетісу облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай соғуы ықтимал. Облыстың батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында солтүстік-батыс және солтүстік жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысы мен шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Атырау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік және солтүстік-батыс желі күндіз облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысында солтүстік-шығыс желі облыстың батысында, солтүстігінде, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыстың солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысында да өрт шығу қаупі жоғары. Астанада күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін.
Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың шығысында таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желі облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл болуы ықтимал.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді