Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғылым назарында: қыздырылатын темекі туралы зерттеулер мен әлемдік реттеушілер не дейді?

Филип Морис
Фото: shutterstock

Әлемде де, Қазақстанда да жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, никотиннен толықтай бас тартпаған ересек шылымқорлар үшін кәдімгі темекіден түтінсіз баламаларға толық көшу денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді азайтуы мүмкін. Мұндай тұжырым өндірушілердің жарнамалық мәлімдемелеріне емес, көпжылдық ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген. Бұл деректерді әлемдегі жетекші реттеуші органдар жан-жақты саралап келеді. Осындай өнімдердің ішінде ең көп зерттелген санаттардың бірі – темекіні қыздыру жүйелері. Бұл қандай өнім және оны реттеудегі халықаралық тәжірибеге неге қызығушылық артып отыр?

Жуырда АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) осы санаттағы өнімдерге қатысты қабылдаған шешімімен тағы да назар аудартты. Америкалық реттеуші "Филип Моррис Интернешнл" компаниясының темекіні қыздыру жүйесіне "тәуекелі өзгертілген темекі өнімі" (Modified Risk Tobacco Product, MRTP) мәртебесі бойынша берілген рұқсатты жаңартып, ғылыми деректерді қайта бағалау нәтижесінде бұған дейінгі қорытындыларын растады.

Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша, FDA компанияның кәмелетке толған шылым шегушілерге темекіден қыздырылатын темекі өнімдеріне толық көшу ағзаға бірнеше зиянды және әлеуетті зиянды химиялық заттардың әсерін азайтатыны туралы ақпарат беру құқығын күшінде қалдырды. Сонымен қатар, ведомство бұл өнімнің қауіпсіз екенін білдірмейтінін ерекше атап өтеді. Денсаулық үшін ең дұрыс таңдау – бұрынғысынша темекі мен никотиннен толық бас тарту болып қала береді.

Жанусыз – түтінсіз

Темекіні қыздыру жүйелері (ТҚЖ немесе ТҚӨ – темекісі қыздырылатын өнімдер) түтінсіз темекі өнімдерінің санатына жатады. 900 °C температурада жанатын кәдімгі темекілерге қарағанда, мұндай құрылғыларда ол жану процесінсіз-ақ шамамен 350 °C-қа дейін ғана қыздырылады. Нәтижесінде темекі түтіні емес, құрамында никотині бар аэрозоль түзіледі.

Дәл осы жану мен түтіннің болмауы бұл инновацияның басты ерекшелігі болып саналады. Темекі жанған кезде мыңдаған химиялық қосылыстар бөлінеді, оның ішінде шылым шегуден туындайтын аурулардың дамуына тікелей әсер ететін заттар бар.

Жақында жарияланған, темекіні қыздыру жүйелерінің аэрозолі мен темекі түтінін салыстырған 43 ғылыми зерттеудің талдауы көрсеткендей, ТҚЖ аэрозоліндегі көптеген зиянды және әлеуетті зиянды заттардың мөлшері кәдімгі темекі түтінімен салыстырғанда 95%-ға дейін төмен болуы мүмкін.

Сонымен қатар мамандар темекіні қыздыру жүйелері де, құрамында никотині бар кез келген басқа өнім де зиянсыз емес екенін баса айтады. Дегенмен, никотиннен толық бас тартқысы келмейтін ересек шылым шегушілер үшін мұндай өнімдер темекі шегуді жалғастырушыларға әлеуетті түрде зияны азырақ балама ретінде қарастырылады.

Зерттеулер не көрсетіп отыр?

Соңғы жылдары темекіні қыздыру жүйелерінің ересек шылым шегушілердің ағзасына әсерін зерттеуге арналған ауқымды ғылыми деректер жинақталды.

Олардың ішіндегі ең ірілерінің бірі – Еуропа мен Азияның 37 медициналық орталығында өткен және оған кәмелетке толған 900-ге жуық ерікті қатысқан халықаралық кросс-секциялық зерттеу болды.

Ғалымдар қатысушылардың үш тобын салыстырды: темекі шегуді жалғастырып жүргендер; зерттеу басталғанға дейін екі жылдан астам уақыт бұрын темекіні қыздыру жүйелеріне толық көшкен пайдаланушылар; және дәл сондай мерзім бұрын темекіден мүлдем бас тартқан бұрынғы шылым шегушілер.

Денсаулық жағдайын бағалау үшін әлеуетті зиянның тоғыз биомаркері (Biomarkers of Potential Harm, BoPH) қолданылды. Олар – шылым шегуден туындайтын аурулардың дамуымен байланысты процестерді көрсететін объективті көрсеткіштер.

Нәтижелер көрсеткендей, темекіден бас тартып, темекіні қыздыру жүйелеріне толық көшкен адамдарда көптеген биомаркерлер бойынша көрсеткіштер шылым шегуді жалғастырушыларға қарағанда статистикалық тұрғыдан айтарлықтай жақсы болған. Сонымен қатар, бірнеше параметрлер бойынша бұл көрсеткіштер шылым шегуді мүлдем қойған адамдардың нәтижелерімен деңгейлес болып шықты.

Зерттеудің тағы бір маңызды қорытындысы – темекіні қыздыру жүйелерін пайдаланушылардың тамыр серпімділігі темекі шегетіндермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы күйде болған.

Еңбек авторлары алынған мәліметтер кәдімгі темекіден темекіні қыздыру жүйелеріне толық көшкен кезде зиянды азайту әлеуеті туралы қазіргі бар дәлелді базаны толықтыратынын атап өтіп, сонымен бірге бұдан былайғы ұзақмерзімді бақылаулардың қажеттілігін де баса айтады.

Қазақстандық ғылыми қоғамдастық та шылым шегушілердің қыздырылатын темекіге көшуі кезінде олардың денсаулығына келетін зиянды азайту әлеуетіне назар аударып отыр. Бұған дейін профессор Ләззат Ералиева отандық ғалымдар тобы осы өнімдердің зияндылық деңгейіне өз бетінше талдау жүргізген зерттеу туралы айтып берген болатын.

"Ғалымдар түтінсіз өнімдердің химиялық құрамын, токсикологиясын, олардың жануарлар мен адам ағзасына әсерін, сондай-ақ ықтимал ұзақмерзімді тәуекелдерін салыстырды. Нәтижесінде сарапшылар қыздырылатын темекі, никотинді паучтар және басқа да түтінсіз өнімдерде кәдімгі темекіге қарағанда зиянды заттардың шынымен де аз екені, сондай-ақ олар шылым шегудің зиянын азайту құралы ретінде қызмет ете алады деген қорытындыға келді", – деп атап өткен еді ол "Форбс Қазақстан" басылымына берген сұхбатында.

Халықаралық тәжірибе

Ғылыми деректердің жинақталуы бірте-бірте түрлі елдердің мемлекеттік саясатынан да көрініс тауып келеді.

Ең айқын мысал ретінде жиі Жапонияны атайды. Нарықта темекіні қыздыру жүйелері пайда болғаннан кейін елдегі темекі сатылымының төмендеу қарқыны алдыңғы кезеңмен салыстырғанда шамамен бес есе жеделдеді. Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің мәліметінше, бүгінде елдегі тұрақты шылым шегушілердің үлесі 14,8%-ды құрайды. Бұл – бақылау жүргізіле бастағаннан бергі ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Сонымен қатар, Жапонияның Ұлттық денсаулық сақтау және тамақтануды зерттеу қорытындысы көрсеткендей, темекіні қыздыру жүйелерін пайдаланушылардың шамамен 76%-ы кәдімгі темекіден толық бас тартқан.

Жапония тәжірибесінің ерекшелігі сол — дәстүрлі шылым шегуге арналған қатаң шектеулермен қатар, никотинді өнімдердің әртүрлі баламалы санаттарын реттеудің сараланған (дифференциалды) жүйесі қалыптастырылды және осы жүйе аясында қыздырылатын өнімдер (ТҚӨ) кәдімгі темекілерден бөлек қарастырылады.

Ұқсас тәсіл Ұлыбританияда да байқалады. Елдің Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі (Public Health England) дайындаған дәлелді база шолуында темекіні қыздыру жүйелері темекі түтінімен салыстырғанда пайдаланушыларға да, айналадағыларға да зиянды және әлеуетті зиянды химиялық заттардың әсерін айтарлықтай аз тигізетіні атап өтілген, дегенмен бұл азаю деңгейі нақты зерттеуге байланысты түрленуі мүмкін.

Сонымен қатар, британдық мамандар да, FDA секілді, денсаулық үшін ең дұрыс таңдау бұрынғысынша темекі мен никотиннен толық бас тарту екенін баса айтады.

Осының бәрі әр елдің никотинді өнімдерді реттеудегі тәсілдері шынымен де әртүрлі болуы мүмкін екенін көрсетеді. Бірақ оларды ортақ бір қағида біріктіреді – шешімдер болжамдар мен өндірушілердің маркетингтік мәлімдемелеріне сүйеніп емес, нақты ғылыми деректерді бағалаудан кейін ғана қабылданады. Дәл соңдықтан АҚШ, Жапония, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Нидерланд, Германия және Чехия сияқты әлемнің ірі реттеуші органдары өнімнің зиянды әсерінің төмендегені туралы мәлімдемелерді тек қатаң әрі тәуелсіз сараптамадан өткен нақты өнімдерге қатысты ғана қарастырады.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 13 Шілде, 2026 09:30