Air Astana БАӘ-ге жоспарланған жақын күндердегі рейстерді тоқтатты

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы 12 шілде күні Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктерімен арадағы әуе қатынасын уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге белгіленген KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері тоқтатылды.
"Жолаушылар билеттердің толық құнын сатып алған жері арқылы қайтара алады немесе 12-18 шілдеге жоспарланған рейстерді 31 шілдені қоса алғандағы күндерге тегін ауыстыра алады. Рейстер кестесіндегі кейінгі өзгерістер туралы қосымша хабарланады", – делінген хабарламада.
Әуе компаниясы жағдайды мұқият бақылап отырғанын және жолаушыларды елге қайтару мәселесін шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін 12 шілде күні KC205 Астана-Дубай рейсі бүгін Астанадан сағат 07:10-да ұшып шығып, кейін ұшақ әуежайға қайта оралған еді. Осылайша KC897 Алматы-Дубай рейсі 12 шілде күні сағат 08:50-ге жоспарланған еді, бірақ тоқтатылды. Компания мұны Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуымен байланыстырды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”
Оқыңыз