"Күдіктіні танымаймын": Алматылық жанармай бекетінің кассирі оқиғаның қалай болғандығы жайлы айтып берді

Жанармай бекетінде жараланған кассир оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап. 

Бұған қоса кассир жанармай бекетіндегі жұмыстың қиындығы жайлы сөз қозғады. Бейбітжан Кідіковтың сөзінше, сол күнгі сұмдық оқиғаны естен шығару мүмкін емес. Айтуынша, есін жиған ол БАҚ-та таралған ақпараттарды естіп, мүлдем көңілі түсіпті. Әсіресе, соңғы кездері айтылған оның күдіктімен бөтелкелес болғандығы жайлы мәлімет оны қайғыртып жіберіпті. 

Сөзінше, ол күдіктімен дос болмақ тұрмақ, оын танымайды да екен. Ең алғашқы рет, кассирдің алқымына пышақ сұққан азамат жанармай бекетінің жанында тұрған көлікті қарай тұруына өтініш білдіріп келіпті. Ал азаматты екінші рет оқиға болған күні көріпті. 

Бейбітжанның айтуынша, бұл жағдай 21 желтоқсан күні кешкі сағат 5 шамасында орын алған. Ол кішкене күркеден отырыпған кезде күдікті келіп, оны сыртқа шығуыан сұрапты. Жәбір көрген азамат далаға шыққан кезде бейтаныс ер адам ақшасы жоқ екендігін айтып, тамақ сұрапты. Еш нәрседен секемі жоқ жанармай бекетінің операторы оған түскі асын беріп, күркеге кіргізіпті. 

"Содан кейін бізге жақын орналасқан жерлеу рәсімімен айналысатын адамдардың күркесіне барды.  Ол сол жерде түнеуге рұқсат сұраймын деді. Біраз уақыттан кейін бір көлік келіп, жанармай құйды. Содан соң мен күркеме қайта барып отырдым. Бір кезде есік ашылғанын естідім, Қарап қалып едімм әлгі адам тамағыма пышақ сұғып алды. Қан атқылап жатқан кезде, екінші рет пышақпен шүйдемнен ұрды. Мен есімнен таңып қалдым", - деді жәбір көрген азамат. 

Дәрігерлер кассирдің көп қан жоғалтқанын айтты.Десек те олар оның өмірін сақтап қалыпты. 

"Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Маңызды мүшелеріне зақым келмеген. Ішімідік ішкендігі жайлы айта алмаймын, себебі науқас келіп түскен кезде арақтың иісі сезілмеді. Алдағы уақытта сараптама нәтижелері бұл жағдайды анықтайды", - деді хирург Арсен Семёнов.

Бұл жанармай бекетінің желісіне қарсы бірінші шабуыл емес көрінеді. 

Бейбітжанның айтуынша, бұрын болған оқиғадағ абырой болғанда, ешкім жарақат алмапты. Дегенмен қызметкерлердің қауіпсіздігі ешкімді алаңдатпаған. Операторлар үш адамның қызметін атқарады екен: олар кассирдің де, жанармай құюшының да, күзетшінің де міндеттерін орындайды. Бейнебақылау камералары жайлы тіпті білмейді екен. бірақ бекет басшылығы олардың болғандығы, бірақ сол күні істемей тұрғандығы жайлы айтыпғ ағынан жарылды. Бірақ қызметкерлер дәл осы жанармай бекетінде камералардың орнатылмағандығы туралы мәлімдеді. 

"Ол күні камера істмеген еді, себебі біз оны ремонтқа алып кеткенбіз. Дегенмен дабыл жүйесі болды. Кассир оны басып үлгерген", - деді Алматы қаласының жанармай құю бекетінің менеджері Марат Ашубаев. 

"Бейнебақылау камералары расымен де жоқ. Өйткені біз бұл бекетті енді ашқандықтан орнатып үлгермедік. Бірақ күзетпен айналысатын ұйыммен келісіміміз бар. ТЖ орын алған кезде, олар дереу жетеді. Бұл үшін операторларға арнайы тетікше беріледі", - деді бекеттің коммециялық директоры Дамир Ашубаев.

Ең сорақаысы бірден үш адамның қызметін атқаратын операторлар небәрі 35 мың теңгелік жалақыға жұмыс істейді екен. Әрине, Бейбітжан Кідіковтің денсаулығын ешкім қайтара алмайды. Десек те алдағы уақытта қызметкерлердің қауіпсіздігіне көңіл бөлуге әлі де кеш емес.  

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр