Күдіктіден жарылғыш заттар тәркіленген: Ақтауда теракт жасамақ болған азамат ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтауда лаңкестік әрекеттің алдын – күдіктіден жарылғыш заттар тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰҚК
ҰҚК 1 сәуірде Ақтау қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстағанын мәлімдеді.
Ақпаратқа қарағанда, оның тұрғылықты жерін тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынған.
- Мәскеудегі лаңкестік әрекет Қазақстанда қайталануы мүмкін бе – Ішкі істер вице-министрі жауап берді (видео)
- "Бәрін нұсқаулыққа сәйкес істедім: Қырғызстандық 15 жастағы жасөспірім теракт кезінде 100 адамды қалай құтқарғанын айтып берді
“Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы болып табылады. Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – делінген ақпаратта.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстан Ресейдің Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетін жан-жақты зерттеп, одан қажетті сабақ алуы керек деген.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр
