Күдікті көпбалалы отбасыдан шыққан: Теміртауда екі жасар баланың өліміне қатысты тың деректер белгілі болды
Теміртауда екі жасар баланың өліміне қатысты тың деректер жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Еске салайық, сәбидің өлімінен кейін анасының азаматтық некедегі күйеуі қамауға алынған еді.
"Баланың анасы сәбиді екі тәулікке қалдырып кетіп қалған. Себебі бірге тұратын ер адаммен жанжалдасып, пәтерден кетіп қалған. Келген соң жүрегінен пышақ жарақатын алған ұлын тапқан", – делінген хабарламада.
Ал күдікті көпбалалы отбасыдан шыққан екен.
"Оның ата-анасында 10 бала болған. Өкінішке орай бала кезінде ата-анасы, әсіресе, әкесі көп ұрған. Бұл көпбалалы отбасы полицияда және өзге де органдарда есепте тұрған", – деп келтірді жазба авторы.
Қазір күдікті сот шешімімен 2 айға қамауға алынды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар