Теміртауда ер адам азаматтық некеде тұрған әйелінің баласын өлтірген
Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғынға іздеу жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған. Полиция мәліметіне сәйкес, баланың анасымен бірге тұратын ер адам күдікті деп танылды.
“Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігіне (Кісі өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде”, – делінген хабарламада.
Өзге ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"