Құдай жалғыз: Баян Мақсатқызы мешітте де, шіркеуде де өзін жайлы сезінетінін айтты
Баян Мақсатқызының пікірінше, дін жайлы айту, өз сеніміңді насихаттау – нағыз мәдениетсіз адамдардың ісі. Осылай дегеніне қарамастан, атышулы продюсер жалғыз ғана Жаратқанға сенетінін мәлімдеді.
Бұл туралы Баян танымал қырғыз актері Азиз Бейшеналиевке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
“Құдай жалғыз, бірақ оның әртүрлі есімдері бар. Жалпы мен Құдайдың кез келген үйінде өзімді жайлы сезінемін. Ол православтардың шіркеуі, мұсылмандардың мешіті не буддистердің ғибадатханасы болса да бәрібір. Мен барлық жерге кіре беремін, себебі Құдайдың жалғыз екенін білемін”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Бұдан өзге, экс-Есентаева әйелге қол көтеру жайлы шариғат заңдарын естігенде қынжылып қалғанын айтты.
“Бұл мәселе емдеуді қажет ететін жара секілді. Күні кеше шариғат бойынша әйелдерді күніне бес рет ұру керектігін естідім. Бұл сөзді Құранды оқымаған сауатсыз адам айтты. Ал шын мәнінде Құранда не жазылған?
Әйел ерін тыңдамаса, ең алдымен, онымен сөйлесу қажет. Бұл тәсіл нәтиже бермесе, онымен екі апта жақындаспа деген. Ал үшіншісі және ең сорақысы, әйелді ұру керек. Бірақ меніңше Құранды ер адамдар жазған. Себебі әйел адам үшінші тармақты қоспас еді”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Жіберіп алмаңыз:
Бауыржан Есебаев аты шыққан соң менсінбей кеткен әншілер жайлы шындықты айтты
Әріптестері жұбайынан актриса жасаған Қайратты сынап тастады
Жорабаева: Сұлтанқызы намысыма тиген кезде қасымдағылардың көзінше еңіреп жыладым
Мейрамбек Бесбаев “Жекпе-жек” жобасын әділетсіз деп сынаған жұртқа жауап берді