Қуат Найман жеңісін Жақсылық Үшкемпіровке арнады (видео)
Қуат Хамитов ресейлік Ахмад-Хан Боковпен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті. Спортшы бұл жеңісін Жақсылық Үшкемпіровтің рухына арнады.
Қуат Хамитов пен Ахмад-Хан Боков Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде жекпе-жекке шықты.
Хамитов бұл жеңісін қазақтың біртуар азаматы Жақсылық Үшкемпіровке арнады.
"Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Жастарымыз ол кісіден үлгі алса екен. Ағамыз жақында өмірден өтті. Мен бұл жеңісімді Жақсылық Үшкемпіровке арнаймын. Жақсылық аға, біз сізді ұмытпаймыз", - деді балуан.
Желідегі оқырмандары мен өнердегі доастары құтты болсын айтып, қуанысып жатыр.
"Қуатжан, ҚАЗАҚ еліне сыйлаған, Жақсылық Үшкемпіров әкемізге арналған жеңісің құтты болсын! Айтпақшы, үшінші ісуреттің бүгінгі жекпе-жекке қатысы жоқ, мен ғой, жай ұрам деп ойлағам. Жауырының жерге тимесін, бауырым", - деді Сәкен Майғазиев.
Бұл Хамитовтің спорттық мансабындағы 19-жеңісі. 7 қарсыласынан жеңілген.
Еске салсақ, Қуат Хамитовтың қарсыласы жекпе-жекке аз уақыт қалған кезде ауысып кеткені белгілі болған.
Жақсылық Үшкемпіров әпкесінің қаза болғанын естісе де, есеңгіреп отырып соңғы рет сұхбат беріп кетті

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
