Қуат Хамитовтың қарсыласы жекпе-жекке бір күн қалғанда өзгеріп кетті
Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов Мәскеуде Олег Косинмен 25 қыркүйекте жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ жекпе-жектен бір күн бұрын қарсыласы өзгеріп кетті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-да мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қуат Хамитов Мәскеудегі «Мир» концерт залында өтетін Fight Nights Global 98 турнирінде өнер көрсетеді.
Оның жаңа қарсыласы - ресейлік Ахмад-Хан Боков болады.
Бірақ Қуат Хамитовтың алғашқы қарсыласы Косинов әлі күнге дейін Fight Nights Global және Sherdog веб-сайттарында қарсыластар тізімінде.
32 жастағы Хамитов үшін 2019 жылдың сәуір айынан кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Осыған дейін ол төрешілер шешімімен әзірбайжандық Нариман Абасовтан жеңіліп қалған. Соңғы рет Найман 2016 жылдың желтоқсанында жеңіске жеткен болатын.
"Шөгіп, сынып жатыр": Алматылықтар жаңадан төселген тротуарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне шағымданды
Тұрғын: "Келесі жылы қайта жөндейді"
"Дәрігермен танысқаным үшін 20 мың теңге төледім бе?": Қазақстандықтар жекеменшік клиникалардағы қайта қабылдау ақысына наразы
Мәселеге желі қодданушылары да үн қатты