Қуат Хамитов жақын досымен жекпе-жекке шығады
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов AllStarsBoxing кешінде жақын досымен жекпе-жекке шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Mergen FC
“Найман” лақап атымен танылған танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кәсіпқой бокста бағын сынап көрмек. Ол 28 қыркүйек күні Алматыда өтетін AllStarsBoxing кешінде жақын досы Нұрберген Шариповке қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы да ММА спортының өкілі болса да, бокс ережесімен жекпе-жек өткізуге келісімін берген. Бұған дейін екеуі грепплинг ережесі бойынша күресіп, Қуат Хамитов жеңіліп қалған. Бұл жекпе-жек AllStarsBoxing турнирінің басты жекпе-жектерінің бірі болмақ.
Айта кетейік, AllStarsBoxing турнирінің басты кездесуінде IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Данияр Елеусінов филиппиндік Джо Нойнэйға қарсы жұдырықтасады.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”