Қуат Хамитов Bellator ұйымының экс-чемпионымен жекпе-жек өткізеді
Қазақстанның аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін Bellator тұжырымының экс-чемпионына қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Іnstagram.com/kuat__khamitov
Атышулы аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін Bellator тұжырымының экс-чемпионы Александр Шлеменкоға қарсы өткізеді. Хамитов 4 мамыр күні ресейлік RCC тұжырымында сынға түседі. Қос спортшы орта салмақта жұдырықтасады. Бұл кездесу турнирдің басты жекпе-жегі болмақ.
Айта кетейік, Қуат Хамитов шаршы алаңда 33 жекпе-жек өткізіп, 24-інде жеңіске жетсе, Шлеменко 80 жекпе-жек өткізіп, 65-інде қарсыластарынан басым түскен.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық

