Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық

Талай қыздың арманына айналған әнші Қуандық Рахым бүгінде керемет әндерімен көптің көңілін табуда. Өнер иесінің «Лаула» деп аталатын жаңа туындысы да тыңдарманын тауып үлгерді.

гауһар

Ал, дүйім жұрт бұл дүниенің кімге арналғанын біле ме? Бұл сұраққа әншінің өзі Stan.kz  сайтына  берген сұхбатында жауап берді.

Шынымды айтайын «Лаула» әні  кезінде менімен дуэтте ән орындаған Гауһар Сардарбекке арналады. Бұл туындыда мен оның сұлулығы жайлы сыр шертемін»,-дейді Қуандық Рахым.

Айту керек, сері жігіт пен сылқым сұлудың арасында махаббат сезімі бар деген қауесет ел арасында жүрді. Алайда, әншілер мұны үнемі теріске шығаратын. Десек те, ұзын құлақтың айтқаны рас болып шықты.

«Мен осыған дейін Гауһарды қарындасымдай көремін деп айтатынмын. Бүгін сырымды ашайын. Гауһар екеуміз дуэт болмай тұрып көңіл қосқанбыз. Жасырмаймын мен оны, ол мені өлердей сүйдік. Шаңырақ көтереміз деп те ойлаған едік.

жанна

Кейіннен дуэт болып шыққалы ол мені тыңдарман қыздардан қызғанып жүрді. Қызғаныш соңы ұрысқа айналды. Концерт сайын жанжал болып тұратын. Мұны көрген продюсерім Жанна Абуова   “өнер не болмаса Гауһарды таңда” деп талап қойды. Мен әрине өнерді таңдадым. Өкінбеймін. Десе де, Гауһарды кейде сағынатыным бар»,-деп Қуандық осыған дейін ешкімге айтпаған құпиясын жайып салды.

Әр концерт сайын нәзік жандылардың жүрегін жаулайтын жігіт өзінің «жүргіш» екенін де жасырмады.

«Кезінде Ақан сері, Абай атамыз қай жерге барса да арулардың  көңілін аулайтын. Мен де қыздардың өзі менімен сөйлескісі келіп тұрса, қашып кету ер азаматқа тән қылық емес деп түсінемін. Бірінің көзі,енді бірінің сөзі әдемі болады. Мен мұндай жағдайларды  өтпелі махаббатқа жатқызамын»,-дейді әнші.

Ал, кейіннен қосылған Альбина Шардарова Қуандықтың талғамына сай келмейтін көрінеді.

«Альбинаны адам ретінде сыйлаймын. Ақкөңіл абзал адам. Ал, сезім жайлы сұрасаңыз шынымды айтайын екеуміздің мінезіміз екі түрлі. Арманымыз екі түрлі. Сондықтан тек шығармашылық байланыстамыз»,-деді Қуандық Рахым.

Оқи отырыңыз:

Роза Рымбаева жас әнші Айдарбек Рысбекпен дуэт орындады

Меруерт Түсіпбаева сүйіктісінің Iphone сыйлағанын айтып мақтанды

Димаш астаналық бүлдіршіндерге Абайдың әнін шырқап берді (видео)

Баян Санкт-Петербургтан өзінің жас кезде түскен суреттерін тауып алды (фото)

Асхат Садырбай Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беруді ұсынды

 

Талқылау