Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева жас әнші Айдарбек Рысбекпен дуэт орындады

Жас әнші Айдарбек Рысбек қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Рымбаевамен дуэт орындады. Айдарбектің өнерін жоғары бағалаған Рымбаева алдағы уақытта Айдарбектің жеке шығармашылық кешінің қонағы болмақ.

роза рымбаева айдарбек рысбек

Бұл туралы Хит-ТВ арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Роза Рымбаева ақы төлесе де көп әншілермен дуэт айтпайды. Себебі оның өнерге деген талғамы биік. Десе де онымен дуэт айту бақыты Айдарбекке бұйырыпты. Ол Халық әртісіне ән жазып беріп қана қоймай, онымен бір сахнада ән салды.

«Менің бұл концертке келген себебім – жаңа ғана өздеріңіздің алдарыңызда екі әнін орындаған талантты әнші, композитор Айдарбек Рысбекті қолдап келіп отырмын», – деді Рымбаева.

Роза Қуанышқызынан бөлек, Айдарбек Рысбектің әндері Мәдина Сәдуақасова, Айқын Төлепберген және Mysterions тобының қоржынында бар болып шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева сүйіктісінің Iphone сыйлағанын айтып мақтанды

Димаш астаналық бүлдіршіндерге Абайдың әнін шырқап берді (видео)

Баян Санкт-Петербургтан өзінің жас кезде түскен суреттерін тауып алды (фото)

Асхат Садырбай Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беруді ұсынды

Талқылау