Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Рахым “Болайық бірге” әні өзбектікі” деген сынға жауап берді (видео)

Ел арасында кеңінен таралып кеткен Қуандық Рахым мен Альбина Шардарованың орындауындағы “Болайық бірге” әні плагиат па? Бұл әннің көршілес өзбек халқынан ұрланғаны қаншалықты рас?

куандык альбина

Бұл сұраққа Қуандықтың өзі Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді.

Иә, жарыққа шыға салысымен-ақ бұл ән хитке айналып, Қуандықтың есімін көпшілікке танытты. “Қуандық қазақ эстрадасына жаңа леп, жаң серпін әкелетін әнші” деп шуласты жұрт. Алайда біраз уақыттан кейін бұл әннің өзбекше нұсқасын тауып алған жандар әншінің плагиатшы деп айыптады. Бұған Қуандықтың берген жауабы:

“Плагиат емес, оқыған-тоқыған адам бұның плагиат емес екенін біледі. Плагиат дегеніңіз – біреудің немесе шетелдің әнін ұрлап алу, авторлығын иемдену. Бейнебаянды көрген болсаңыздар, бұл автордың өзінен рұқсат алынған ән. Бұл әннің құқығы бізде, өзбектерде емес. Бейнебаянның басында әннің авторын кірістіріп кеткен жеріміз бар. Мирхали Махмұтов деген кісімен амандасам, біреулер сол кісі кім деп түсінбей жатыр. Сол әннің авторы осы кісі.

Шулы бейнебаян болды ғой. Басында өзбектің әні деп шуласты, одан кейін өкінішке орай белгілі ір себептермен қызымыз ауысып кетті”, – деп түсіндірді Қуандық.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергеновтың әкесі қызметтік мансабын тастады

Кенжебек Жанәбілов өз бейнебаянында ауыл шопырының рөлін сомдады (видео)

Баян Есентаева соттан бұрыңғы күйеуінің үкімін қайта қарауды өтінді

Димаш Құдайберген танымал көлік брэндінің жарнамасына түсті (фото)

Талқылау