Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлімінен бірнеше сағат бұрын жазған: Журналист-жазушы Қуандық Шамахайұлы жақындарын ескертіп пост қалдырған

Бүгін таңда журналист-жазушы Қуандық Шамахайұлы өмірден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шамақайұлы

Бүгін таңда ауруханада жатып қайтыс болған Қуандық Шамахайұлының өлімі күмәнді дейді достары. Оған себеп Қуандық Шамахайұлының түнгі екіде Facebook желісінде қалдырған мына посты: 

"Астанадағы бірінші клиникада КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер ковид тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 2.00-де дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджігіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Әрекеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді", - деп қалдырыпты соңғы жазбасында.  

Марқұм Қуандық Шамахайұлының отбасы осы іске қатысты білікті адвокат іздестіріп жатыр. 

Қуандық Шамахайұлы – Моңғолияда туып, өскен, Ұланбатырда Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистік жоғары білім алған жазушы. 1983 жылдан бастап әдеби ортаға көркем аударма арқылы келген жазушы кейін ғылыми-зерттеу жұмыспен айналыса жүріп, прозаға бет бұрған. Шығармаларын қазақ және моңғол тілдерінде жазған. Бүгінге дейін Астанада "Шабыт" шығармашылық орталығының директоры және қаржы академиясы журналистика кафедрасының профессоры болды. 

Stan.kz ұжымы марқұм болған журналистің отбасына көңіл айтады!

Талқылау