Крокустағы теракт бойынша 1700 адам жәбірленуші деп танылды
Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлдағы террористік оқиға бойынша 1700-ден астам адам жәбірленуші деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: crocuscityhall Instagram-парақшасы
Мәскеудің Басман аудандық соты іс бойынша төрт айыпталушы – Аминчон, Диловар және Исроил Исломов, сондай-ақ Әлішер Касимовты қамауға алу мерзімін ұзартты.
Тергеу бойынша олар лаңкестікке тікелей қатысы барларға көмектескен. Іс бойынша 800-ден астам куәгерден жауап алыныпты.
“Айыпталушы 20 адам, оның 18-і изоляторда отыр, екеуі үйқамақта. Олардың барлығынан тағылған қылмыстың мән-жайы бойынша бірнеше рет жауап алынған", – делінген сот қаулысында.
Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранғаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"