Криштиану Роналду ең үздік футболшы атанды
Дубайда Globe Soccer Awards жүлдесін табыстаудың салтанатты рәсімі болып өтті. Ең үздік ойыншылар мен топтарды Еуропалық топтар ассоциациясы мен Еуропалық футбол агенттігі ассоциациясы марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2019 жылдың ең үздік футбол ойыншысы болып "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду танылды. Ол барселоналық Лионель Месси мен ливерпульдік Вирджил ван Дейк және Мұхамед Салахты басып озды.
Роналду Globe Soccer Awards-тың нұсқасы бойынша осымен 4-ші рет қатарынан жылдың "ең үздік ойыншысы" атанып отыр. Өзінің футбол карьерасында ол аталған марапатқа алтыншы рет ие болған екен.
2019 жылдың ең үздік футбол клубы деп "Ливерпуль" танылса, "ең үздік жаттықтырушы" титулын осы топты жаттықтыратын Юрген Клопп иеленіпті. Ал осы жылдың "ең үздік қақпашысы" мәртебесі бразиялық Алисон Бекерге тағайындалған.
Номинация кезінде әйелдер арасындағы ең үздік ойыншы да анықталыпты. Бұл марапатқа англиялық Люси Бронз ие болды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған