Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот арқылы кім өзін банкрот деп жариялай алады – Конституциялық сот түсіндірді

банкрот
Фото: magnific.com

Конституциялық сот сот арқылы банкроттық рәсіміне қол жеткізу шарттарына қатысты өтінішті қарады. Сот заңнамада азаматтар үшін бірыңғай талаптар белгіленгенін және кемсітушілік белгілері жоқ екенін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өтініш берушінің пікірінше, мұндай талап мүліктік жағдайы бірдей азаматтардың құқықтық жағдайында айырмашылық туындатуы мүмкін.  

Іс материалдарын зерделеу нәтижесінде Конституциялық Сот дауланып отырған норманың Конституцияға қайшы келмейтінін анықтады. Қолданыстағы заңнамада сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың бірыңғай шарттары белгіленген. Сондай-ақ тиісті өтінішпен жүгінуге құқығы бар адамдар тобына қандай да бір шектеу қойылмаған.

Өтініш берушінің сот арқылы қорғалу құқығы бұзылды деген уәждері де расталмады. Оның жалпы юрисдикциядағы соттардың заң нормаларын дұрыс қолдануына және істің нақты мән-жайларына құқықтық баға беруге қатысты талаптары Конституциялық Соттың өкілеттігіне жатпайды.

Осылайша, өтінішті конституциялық іс – жүргізуге қабылдау үшін негіздер анықталған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда азаматтардың шамадан тыс қарыз жүктемесін азайту және мерзімі өткен берешекті реттеу тетіктерін жетілдіру бағытында бірқатар шара қолға алынды. Себебі бұған дейін бірнеше кредиторы бар қарыз алушылар берешегін әр ұйыммен жеке-жеке реттеуге мәжбүр болса, жаңа платформа бұл процесті бір өтініш арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. Қарызын өтеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері де қарастырылған.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 07 Қыркүйек, 2026 10:30