"Кредит кешіріледі": Қазақстандықтар әлеуметтік желіде видео таратып жатыр
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде "кредиттік рақымшылық жарияланды, халықтың қарызы кешіріледі" деген бейнероликті бөлісіп жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнеролик үш жыл бұрын түсірілген. 2019 жылы президент азаматтардың борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойған еді. Осылайша 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында 577,7 мың азаматтың жалпы сомасы 120,5 млрд теңге берешегі есептен шығарылды. Алайда бұл бір реттік бастама болатын.
"Яғни, видеодағы ақпарат ескірген және шындыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді агенттік.
Ведомство қазақстандықтардан жалған мәліметке сенбеуді, ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден алуды сұрады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар