Ресейде әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйдің үстіне құлады (видео)
Краснодар өлкесінің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақапарт агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Су-34 ұшағы тұрғын үйдің үстіне құлады, деп хабарлады Ейск қаласының бірыңғай диспетчерлік қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ толықтай қаруланған. Апат болған жерде бірнеше жарылыс болды. Зардап шеккен аймақ 2 мың шаршы метрді құрайды.
Ұшақ құлаған көпқабатты үйде қатты өрт шыққан. Кем дегенде 15 пәтердің зардап шеккенін хабарланды.
Жергілікті басқарушы органдар ұшақ құлап, өртке оранған көпқабатты үйдің тұрғындарына қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін хабарлады.
Кубан губернаторы Ейск қаласындағы оқиға орнына шыққаны белгілі болды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған