ҚР президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары сотталды
Астана қаласы №2 Есіл аудандық соты Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихин ісіне қатысты үкім шығарды.
2017 жылғы 13 маусымда Астана қаласы №2 Есіл аудандық соты ҚР ҚК-де қарастырылған қылмыстарды жасауда кінәсін мойындау туралы келісіммен сотқа келіп түскен Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихинге қатысты қылмысты істі қарады, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімімен Бағлан Майлыбаев кінәлі деп танылды және оған мүлкі тәркілене отырып, мемлекеттік органдарда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Николай Галихин ҚР ҚК-дегі қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік органдарда лауазымды атқару құқығынан 3 жылға айырып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сот үкімімен президентке сотталғандарды барлық мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс берілді.
Үкім заңды күшіне енді. Істің құпиялылығына байланысты сот отырысы жабық өтті.
Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2017 жылғы 12 қаңтарда Қылмыстық кодекстің (“Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету”) қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР президенті Әкімшілігінің қызметкерлері Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихин ұсталғанын хабарлады.
Тағы да оқыңыз:
Дәурен Айдарқұлов: Отбасын тастап кетті деп айыптаған жандар, мені өскенде түсінесіздер
Ақтөбеде діндарлар рұқсатсыз «халал балабақша» ашқан
Атырау облысының тұрғыны үйсіз жүрген ауылдасына баспана салып берді (фото)