Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көзіне қарай алмадым": Сәуле Әбілдаханқызы ішіне жын кіріп кеткен қызбен кездескенін айтты

Сәуле Әбілдаханқызы жындардың адам ішіне кіріп кету қаупі бар екенін ескертіп, көпшілікті сақтыққа шақырды. Осы орайда ішіне жын кірген қыздың оқиғасын айта кетті. 

“Алдынғы күні түнделетіп Жетісайдан келе жатсақ, төрт жолақты кең трассаның шетінде жалаң аяқ, жалаң бас бір қыз қолы ербеңдеп такси тоқтатып тұр. Күйеуінен таяқ жеп, төркініне қашып шыққан келіншек шығар деп ойладық. Тоқтадық. Әй-шәй жоқ, ләм-мим деместен көліктің артына отырып алды. Үндемейді. Біз де үндемейміз. Ақырын қозғалдық. Үнсіздік. Бір уақытта "Қайда барасыз? Шымкентке ме?" деп сұрадық. "Иә" деді.

Біраздан соң ақырын жөн сұрай бастадық. Аты-жөні, әкесі кім, шешесі кім, қайда тұрады, қайда барады... бәрін білдік...

Әңгімені айтады-ақ, бірақ.... сөздері біртүрлі... өте біртүрлі... дауысы да... шынайы емес... басқаша... "құс келгенде, құс қайтқанда" көрінетін ауру сияқты деген қорытынды жасап үлгердім... тіпті, одан да басқаша ма, қалай... мен қорқайын дедім... сыр бермей келем”, –дейді Әбілдаханқызы. 

2002 жылғымын дейді. Ең қызығы, әкесінің телефон нөмірін және ИИН-ін жатқа біледі екен. Әкесіне қоңырау шалдық. Камазист екен, алыс рейсте екен... "Әжесіне хабарласайын, телефоныңыз қосулы болсыншы..." деп уайымдап қалды.


Сәуле Әбілдаханқызы: Қыдырәліге ғашық болсақ болған шығармыз, бірақ құдай сақтап әйелі болған жоқпыз


 

Бұл кезде 2 сағаттық жолды артқа тастап, қалаға да кірген едік...

- Қарның ашты ма? - деп сұрадық.

- Ашты.

Түн ортасында тапқанымыз - донер, пицца болды.

- Мен донер жемеймін. Жегім келмейді. Ұнамайды. Пицца да ұнамайды!.. Жоқ, жемеймін!...

- Не жегің келеді?

- Пюре және суши жеймін. Компот ішкім келеді.

- Жақсы, пюре іздейміз онда...

Көлікке қайта салып алып, қаладан пюресі бар кафе іздедік. Таптық.

Кафедегі столға қарама-қарсы жайғасқанда ғана байқадым - көзі өте қорқынышты екен... әйнек көз бе.... өңменіңнен өтеді.... тесіп жіберердей.... сөздері тіптен қорқынышты....

Көзіне тіке қарай алмаған күйі сорпамызды іштік. Ол пюресін жеді... Сол аралықта әкесімен, әжесімен сөйлестік...

Не керек, қызды алған жерімізге кері қайта апарып, әжесіне табыстадық. Жетпістен асқан ақ жаулықты әже күтіп алды.

"Ешекханаға ұйықтап қалған... ішіне ж... кіріп кеткен... молдаларға апарып жүрміз.... нәтиже жоқ.... бағана түсте де үйден қашып кеткен, қалаға барып алып қайтқан едім.... енді бұны байлап қоймасам, басқа амалым жоқ..." деп, көзіне жас алып, бізге алғысын жаудырып, ақ батасын беріп қоштасты”, – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Журналистің айтуынша, жындардың адам ішіне кіріп кету қаупі бар. Сондықтан молдаға барып, дер кезінде дертті қайтаруға тырысу керек. Ал немқұрайлық танытса, ауруды асқындырып алу күдігі бар. 

“Айтайын дегенім… Осы біз "Ішіне Ж... кіріп кеткен" деген "диагнозға" аса мән бермей жүрміз-ау... бұл, негізі, бар нәрсе және.... өте қорқынышты нәрсе.... егер мықты молда кездеспесе, емдемесе, ішіндегісі бұл қызды "жықпай" қоймайды...

Балаларыңыздың, жақындарыңыздың бойынан, мінезінен, көзінен, сөзінен өзгешелік байқасаңыздар, дер кезінде мықты молдаға апарып емдетіңіздер.... әйтпесе ондай дерттің арты айықпас қайғыға жеткізеді...

Бұл қызға да Алла шипасын берсін!.. Өмірі осындай оқиғаларға тап болам да жүрем.... "бәрі құрысын, бәрінен аулақ, тып-тыныш жүрейінші деп айналып қашсам да, осындай жын-жыбырлар келіп мені тауып алады”, – дейді ол. 

Талқылау