"Көзімнен жас аққанша ызаланамын": Жәния Джуринская қыздан гөрі ер балаға қуанатын ата-аналарға шамданды
Жәния Джуринская ер мен әйелдің қоғамдағы теңсіздігі туралы сөз қозғады. Ай-күні жақындап, тұңғышын күтіп жүрген ол қыздан гөрі, ер баланың дүниеге келгеніне қуанатын ата-аналарға шамданды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шынымды айтсам, бұл нәрсе көзімнен жас аққанша менің ызама тиеді. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда қыздан қарағанда, ер баланың дүниеге келгеніне қаттырақ қуанады. Кешірім сұраймын, бірақ қызға Ұлболсын, Ұлдана, Ұлпан деп есім беретін ата-аналарға таңғаламын.
Қызыңды солай атасаң, келесі перзентің ұл болады деген сенім бар. Ал қыздың өзін керексіз сезініп өсетіні оларды алаңдатпайды", – деді Джуринская.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"