Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көз тиген, жын кіргендерге дем салатын түркістандық қария бар-жоғы 30 теңге алады: "Артық берсең, алмайды"

Түркістандық Немат ақсақал дем салғанда жұртшылықтан неліктен бары-жоғы 30 теңге алатынын Stan.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтып берді.

Зағип қария көп жылдардан бері қатты ауырған, көз тиген, жын кірген адамдарға да дем салып емдеп жазады. Таң атпай есігін торуылдап дем салдыратындардың қарасы қалың. Күнделікті келушілер шамамен 50-60 адамды құрайды. Олардың дені әйелдер мен жас балалар.

Емші Немат ақсақал алдына келген адамдарды Құран аяттарын оқып, артынан қағады, түкіреді. Ақсақалдың өзі емді Алла беретінін, ол тек себепші екенін айтады.

- Менің асып бара жатқан ілімім жоқ, арабша білмеймін. Келгендерге дем салып, батамды беремін. Дем салу ислам шариғатына жат емес. Дәретті келсе, тіптен жақсы. Бала-шағаны, дүние-мүлікті, өзіңізді таңертеңгілік және кешке оқылатын дұғаларды оқумен, арагідік садақа берумен, діни міндеттерді орындаумен және туыстық қарым-қатынасты жақсартумен қорғаған жөн, - дейді ол.

Нилуфар есімді бойжеткен жиі келіп, оқытылып тұратынын айтты. 

- Ата бұрыннан бір нанның ақысына дем салатын. Қазір нан бағасы қымбаттаса да, 30 теңге беруімізді сұрайды. Егер артық берсең, қайтарымын өзіңізге санатып алғызады. Бүгін інілерімді алып келдім. Атаны бәрі жақсы көреді. Жақсылық тілеп, ақ батасын беріп шығарып салады. Арасында әзілдеп қояды, - деді дем салдырушы.

Қасиетті мекенде халықтың алғысын алып жүрген емші саналы ғұмырының соңына дейін "жақсылық жасап өткізсем, артымда жақсы сөз қалса" дейді. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Диетасыз арықтаудың тиімді жолы табылды

Жай пиццаның өзінде 678 калория бар, үлкен пиццада — 1923

Танымал тележурналист Димаш Құдайбергенді әлемнің жаңа секс-символы атады 

Әнші "Olympic" атты әсем әнімен Сочи қаласында өтетін "Новая волна" жас дарындар байқауын ашты

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Ашынған ана Владимир Путиннен баланы қайтарып беруді сұраған

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған
Çàãðóçêà...