Костенко шахтасында көз жұмғандар саны 21-ге жетті
Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 21-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Апат 28 қазанда түнде болған. Алдын ала мәлімет бойынша шахтада метан жарылуы мүмкін. Бастапқыда “АрселорМиттал Теміртау” АҚ 7 адамның ажал құшқанын мәлімдеген. Көп ұзамай құрбандар саны 11-ге жетті.
Қазір 23 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Ал 10:00-дегі жағдай бойынша шахтада 16 кеншінің қаза тапқаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет “АрселорМиттал Теміртау” АҚ акционерлерімен компанияның меншік құқығын мемлекет пайдасына беру туралы алдын ала келісімшарт жасасқан еді.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар