Қостанайдағы түнгі клубтардың бірінде шешініп билеген жастардың видеосы тарады
16 тамызда мессенджерлерде Қостанайдағы түнгі клубтардың бірінде түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрлардан жалаңаш қыздардың үстелге шығып, билеп жатқанын көруге болады. Кейін қыздардың бірі ер адамға шешінуге көмектескен. Сонымен қатар кеш жүргізушісінің "Шешініңдер" деп айқайлағаны естіледі.
Түнгі клубқа кеш барысында полиция қызметкерлері келіпті. Кейін оқиғаның барлық қатысушылары мен клуб иесі полиция департаментіне жеткізілді.
"Ұсталғандарға қатысты Әкімшілік кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бабымен іс қозғалды. Материалдарды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді. Ал мекеменің иесіне қатысты құқық бұзушылықтың себебін жою туралы нұсқама берілді", – делінген полиция хабарламасында.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды