Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдағы асханада жарылыс болып, екі шетел азаматы зардап шекті

Қостанайда тандыр өнімдерін дайындайтын асханада жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Төтенше оқиға сағат 18:49-да Қостанайдағы Рабочая көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, газ-ауа қоспасы жарылып, 20 шаршы метр аумақтағы дүңгіршек толықтай жанып кеткен. 

Газ жарылғанға дейін дүңгіршекте екі адам – ер адам мен әйел болған. Екі қызметкер де Өзбекстан азаматтары.

Өрт сағат 19:16-да оқшауланды, 19:40-та сөндірілді.

"Бұл жағдайда қауіпсіздік шараларын өрескел бұзылған. Ер адам мен әйел тандыр пешін жаққан. Содан кейін олар суық гараждан алты газ баллонын әкеліп, пешке сүйеп қойған. Алғашқы газ болланы жарылғанда әйел жеңіл күйік алады, ер адам оны итеріп шығарып, өзі бөлмеде қалып қойған. Одан кейін тағы бір баллон, одан кейін өртті сөндіру кезінде тағы екеуі жарылған. Әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Жақын маңдағы ғимараттар да, өрт сөндірушілер де зардап шеккен жоқ”, – деді Қостанай облыстық ТЖД басшысы Қайрат Қасым. 

Зардап шеккен әйелмен психологтар жұмыс істеп, кейін оны ауруханаға жіберген. Ал ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, оның денесінің 70-75% термиялық күйік алған.

Өрттің мән-жайы мен себебі анықталуда.

Талқылау