Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылды
Қостанайда жоғалып кеткен 16 жастағы студент Сергей Лукьянов Тобыл өзенінің түбінен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жігіт 26 наурызда үйден оқуға шығып кеткен, бірақ сабаққа келмеген. Еріктілер мен полицейлер жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізген.
"Іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер тартылды, бүгін өзен түбін қарау кезінде жасөспірімнің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті