Қостанайда желден кейін жаңа тұрғын үйдің қабырғасы қисайып кеткен (видео)
Қостанайда ұйытқи соққан желден кейін әскери қалашық ауданындағы жаңа тоғыз қабатты үйдегі балконның қабырғасы қисайып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Құрылыс 7 және 9-қабатта шыныпакетпен бірге қисайып кеткен. Сонымен қатар үйдің сырты да зақымдалған.
Аталған үйдегі "Комфорт" класындағы пәтерлерді тұрғындар 2022 жылдың қаңтарынан бастап ала бастаған.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауылының тұрғындары видео жариялап, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйдің сапасына шағымданған. Сөздерінше, үйдің кірпіштері цементсіз қаланған.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?