Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда Путин қатысатын форумды өткізуге 13 миллиард теңге жұмсалған

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қостанайда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына қанша қаржы жұмсалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қостанай

Қостанайдағы форумды ұйымдастыруға 13 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Қалаға Қазақстан мен Ресей Федерациясының президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келеді деп күтілген. Алайда Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшылары шараға видеобайланыс арқылы қатысады.

"Қаладағы барлық инфрақұрылым қала тұрғындарына қалады. Ресейдің шекаралас аймақтарынан кәсіпкерлер, біздің кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер келеді. Сосын кез келген нысан облыстың даму үшін қажет, соның ішінде визит орталық та бар", – деді Қуантыров.

Министр Қазақстанның облыс орталықтарында 4 және 5 жұлдызды қонақүйлердің жоқтығын атап өтті.

"Өкінішке қарай, облыс орталықтарының көпшілігінде қонақүйлер жоқ. Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Маңғыстауда әлемдік брендтер бар. 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер инвесторларды тартады. Жақында Оралда болдым, ол жерде іс жүзінде жалғыз ғана қонақ үй бар", – деді министр.

9 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді.

Талқылау