Қостанайда отадан кейін комаға түсіп қалған бала жан тапсырды
Қостанайда жоспарланған урологиялық операциядан кейін комаға түскен үш жасар бала бүгін таңертең қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үш жасар Әмір Қарсақ бір айдан астам уақыт комада жатты. 15 желтоқсанда облыстық балалар ауруханасында тағы төрт баламен бірге наркозбен жоспарлы урологиялық операция жасалған. Бірақ олар наркоздан уақытында оянбайды. Балалардың алдымен дене қызуы көтерілген, кейінірек төрт бала есін жияды. Ал Әмір комаға түсіп, жансақтау бөліміне ауыстырылады.
Баланың әкесі бүгін таңғы сағат 11:00 шамасында баланың жан тапсырғанын растады.
- Қазақстандық жасөспірім Түркиядағы оқу-жаттығу кезінде көз жұмған: Өлім себебі әлі белгісіз
- "Жүрегіндегі ақауды байқамай қалған": Қызылжарда жүктілік кезінде баласынан айырылған әйел дәрігерлерді кінәлайды
"Ия, олар менің баламды құтқарып қала алмады", - деді ол.
Балалардың ата-аналары барлық мәселе анестезия деп болжайды, оны дұрыс салмаған немесе сапасыз болған, дейді олар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше препарат сараптамаға жіберілген. Бірақ нәтижесі әлі белгісіз.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды