Қостанайда өртенген үйден екі кішкентай қыздың денесі табылды
Қостанайда өртенген үйден кәмілеттік жасқа толмаған екі қыздың мәйіті табылды. Сондай-ақ 1988 жылы туған ер адам мен 1985 жылы туған әйел көз жұмды. Қайғылы оқиға 27 наурыз күні болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қостанай облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Тобольская көшесінде орналасқан екі қабатты жеке үйде өрт тұтанған. Жалын екінші қабатты түгел алып кетіп, аумағы 100 шаршы метрді қамтыған.
Оқиға орнынан үйді жалға алған 1988 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Онымен бірге тұрған 1985 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Сондай-ақ үйден 2011 және 2013 жылдары дүниеге келген екі қыздың денесі табылды. Олар туыстарының үйіне қонаққа келген.
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған
Астаналық әйел тірі сәбиімен бірге шетінеп кеткен сыңарын бірнеше апта бойы құрсағында көтеріп жүрген: Екінші баласы да көз жұмды
Іші көгеріп кеткен әйелді дерматологқа жіберіп, антибиотиктермен емдеген