Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда коронавирустан көз жұмған адам үйінде жатып емделген

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ер адам

«Марқұм -  Жітіқара қаласының тұрғыны. Дәлірек айтатын болсақ, 1945 жылғы ер азаматпен және 1955 жылғы әйелдің бойында дене қызу, әлсіздік секілді аурудың белгілері байқалып, 12 сәуір күні жедел жердеммен Жітіқарадағы ауруханаға жеткізілген. Станционардағы жағдайлары орташа деп бағаланды.Науқас ауру симптомдары 5 сәуір күні байқалғанын айтыпты. Десек те ол дәрігерлерге көрінуді жөн көрмепті.», - деді басқарма басшысы.

Сөзінше, екі науқас та қанша адаммен байланыста болғандарын айтқылары келмей, қанша рет сыртқа шыққандарын жасырыпты. 

«Сынама нәтижеллері екі тұрғынның да коронавирус жұқтырғанын растады. 14 сәуірде сағат 18.00 шамасында 1945 жылғы ер адамның жағдайы ушығып кетті. Дене қызуы 39 градустан асып, өкпенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде жатқан ануқас таңертеңгісін сағат 08.30 шамасында бақилық болды. Онымен байланыста болғандардың барлығы анықталуда. Екінші науқас Жітіқарадағы инфекциялық ауруханада жатыр. Оның жағдайы орташа», - деп қосты Дудник.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында бір науқас коронавирустан көз жұмғаны жайлы айтылған еді. 


 

Талқылау