Қостанайда есірткі таратты деп айыпталған студенттердің соты университет қабырғасында өткен
Қостанайда 3-курс студенттері төрт ай бойы белгілі бір "куратордың" қол астында істеп, есірткі таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алау сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнежазбадан скриншот
19 жастағы қыздарды қаңтар айында полицейлер ұстады. Оларда 50 орама болды.
Студенттердің пәтерінде синтетикалық есірткі пакеті табылып, тәркіленген.
Тергеу мәліметтері бойынша олар Петропавлға таксимен барып, есірткіні тасыған. Ал қыздар жауап алу кезінде басқа қалаға қонаққа барғандарын мәлімдеді.
Олардың соты А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университеттің акт залында студенттердің көзінше өткен.
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері Анастасия Савостьянова мен Ангелина Антипенко 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын орта қауіпсіздік колониясында өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды