Қостанайда дәрігерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды: Күдікті туралы не белгілі

Видеодан скриншот
Қостанай соты ауруханада дәрігерге шабуыл жасаған күдіктіге қатысты бұлтартпас шарасын тағайындады. Күдікті алдағы екі ай қамауда отырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Наша газета" басылымының дерегіне сәйкес 34 жастағы Саренжепов – Қостанай облысының тумасы, Ақмола облысында тұрады. Бұған дейін бірнеше рет істі болған. Сотта ол дертке шалдыққан ата-анасы мен кішкентай балалары барын айтқан.
Саренжепов тергеу аясында 17 қыркүйекке дейін қамауда болады. Тергеу судьясы Батырбек Құдабаев өтінішті қанағаттандырды.
"Бұлтартпас шарасын тағайындауды судья Құдабаев күдіктінің бұған дейін істі болғанын, бірнеше рет қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және жасырынып қалуы мүмкін екенімен негіздеді", – делінген басылымда.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар