Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда дәрігер қыз ұры болып шықты

Қостанай 28 жастағы қыз бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды. Өзін дәрігермін деп таныстырып келген медбике бірнеше пәтер иелерін тонаған.

cnwagcva6qryqxwq54ml_1480345123
Күдікті соңғы ұрлығын 29 наурызда жасаған. Ол 67 жастағы ер адамның пәтеріне алдап кіріп, құжаттарын көрсетуді талап еткен. Бойжеткен тұрғындарға барлық науқастарын аралап жүргенін айтқан, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

“Бойжеткен амалын тауып шкафта тұрған әмияны ұрлап кеткен. Оның ішіне 255 мың теңге болған. Қарт алданғанын “медбике” кеткеннен соң біліп, тез арада полицияға қоңырау шалады. Полицейлер іздеубарысында бір өткен осң күдіктіні қолға түсірді”, — делінеді ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті кінәсін толық мойындады. Қазір оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруде. Полицейлердің мәліметінше, қыз бұған дейін де ұрлық жасаған..  Тәртіп сақшылары Қостанай облысының тұрғындарына үй есігін бөгделерге ашарда абай болуды ескертеді.

Жіберіп алмаңыз:

Әйгілі «Челси» немесе «Милан» командалары Астанаға келіп Қазақстан құрамасымен ойнамақ

Қырғызстан президенті өзінің мұрагері туралы айтып берді

Димаш Қытайдағы жетім балаларға көмектесті (фото)

Талқылау