Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі «Челси» немесе «Милан» командалары Астанаға келіп Қазақстан құрамасымен ойнамақ

Танымал еуропалық «Челси» немесе «Милан» командалары бірі Астанаға келіп, Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170403140843

« ЭКСПО қарсаңында еуропалық деңгейдегі беделді команданы күтудеміз (…) Менің білуімше, «Челси» және «Милан» командаларымен келіссөздер жүріп жатыр. Осы екі клубтың біреуі келеді. Барлығының (командалар – ред.) талабы бір – лайықты алаңның болуы», – деп хабарлады Астанадағы баспасөз мәслихатында дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.

Берік Маржықпаевтың айтуынша, осы себепті «Астана Арена» стадионына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біз алаңды қайта төсеп шығамыз және 1 мамыр күні жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз», – деп толықтырды ол.

Жіберіп алмаңыз:

Головкин мен Сондерс жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Қуат (Найман) Хамитов: Қазақ ұлтына қарсы заң шыққан сайын өз-өзімді ұстай алмай қаламын

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Талқылау