Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Сондерс жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев Астанадағы Головкин-Сондерс жекпе-жегі шілде айында өтетінін мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Gennady Golovkin in action against David Lemieux in a World middleweight championship title unification bout at Madison Square Garden in New York on Saturday, Oct. 17, 2015. Golovkin won by a TKO in the eighth round. (AP Photo/Rich Schultz)

“Кездесу шілденің 17-сі күні болатын болды. Головкиннің өзі қол қойыпты. Британдықпен жекпе-жек өзіміздің “Астана-Аренада” өтеді. Соған қаражат жинап, дайындала беріңіздер. Мен өзім ойлаймын, бағалары қымбат болады. Дегенмен, бір-екі жұма күту керек. Олар бізге қарамайды ғой. Қазір кәсіби бокс бизнес болып кетті ғой. Мен өзім ойлаймын, 10-15 мың, солай болуы тиіс. Бірақ менің білетінім, олар “Астана-Аренаға” тапсырыс беріп жатыр. Соны көріп, 30 мың көрерменнің алдында үлкен бокс кешін өткізбекші”, – деді Маржықпаев елордада өткен бүгінгі баспасөз мәслиxатында.

Британдық Билли Джо Сондерсте (24-0, 12 КО) Головкинге қажетті соңғы WBO белбеуі бар. Оны жеңсе, абсолютті чемпион атанады.

Жіберіп алмаңыз:

Қанат Ислам ринг төрінде кішкентай балақайдың тұсауын кесті (фото)

Сондерс Головкинге соңғы мүмкіндік беретінін айтты

Головкинді жеңе алатын тағы бір боксшының есімі аталды

Талқылау