Қостанайда белгілердің жоқтығынан жол апатына түскен жүргізуші әкімдікті сотқа берді
Қостанайда белгінің жоқтығынан жол апатына ұшыраған жүргізуші әкімдіктің үстінен сотқа шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Жол қиылысында "Басты жол" және "Жол бер" белгілерінің жоқтығынан екі көлік соқтығысқан. Екі көлік те бұзылды.
Жәбірленушілердің бірі келтірілген шығынды сот арқылы өтеуге шешім қабылдады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі кінәсін мойындамады. Олар белгілерді бақылау тендерді жеңіп алған жеке кәсіпкердің міндеті деп шешті. Бірақ кәсіпкер әкімдіктің нұсқауынсыз жөндеуді жүргізуге құқығы жоқ екенін айтты. Нәтижесінде сот тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жөндеу жұмыстарына өтемақы төлеуге міндеттеді. Олар апелляциялық шағым түсірді.
“Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сот шешіміне шағымданып, жаңа шешім шығаруды сұрады. Апелляциялық инстанция мемлекеттік мекеме бөлімінің шағымын қарап, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымның дәлелдері негізсіз деп танылды”, – деп мәлімдеді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Ләззат Байғожина.