Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 5 жасар қызды зорлау ісі бойынша материалдар сотқа жіберілді

Қостанай облысы бойынша Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенова үш жасөспірім 5 жасар қызды зорлады деп айыпталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: istockphoto.com 

Бәсенованы, жәбір көрген қыздың анасымен кездесіп, сөйлескенін мәлімдеді. 

"Жәбірленуші қыздың анасымен әңгімелесіп, психологиялық көмек көрсетілді. Істің мән-жайы анықталды. Балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында практикалық психология кафедрасы "Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу" жобасына жәбірленуші қыз бен оның анасын қосуды ұсынды", – делінген хабарламада.



Сонымен қатар анасына дағдарыс орталығында тұру ұсынылып, ол келісімін берді. Алайда ол жұмадан бері қоңырауларға жауап бермеген.

"Сонымен қатар, жұма күні бұл фактілер Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралды. Күдіктілердің ата-анасына қатысты материалдар жинақталып, Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда үш жасөспірім 5 жастағы қызды зорлады деп айыпталған еді.  8, 12 және 13 жастағы жасөспірімдер жыныс мүшелерін қыздың аузына мәжбүрлі түрде салған. 

Талқылау