Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Теледидарды өшіріп, кітап оқыңыз, жартылай фабрикат өнімдерін тұтыныңыз": Қостанай тұрғындарын электр энергиясын үнемдеуге шақырды

Қостанайда коммуналдық қызметтердің өкілдері  азаматтарға жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше ауданды қоспағанда, облыста екі апта бойы газдың болмайтынын ескертті. Осыған байланысты электр желісіне жүктеме артатындықтан, тұрғындардан электр энергиясын үнемдеу сұралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Қостанай тұрғындарынан электр энергиясын үнемдеу сұралды. Жарықты босқа жақпауға кеңес беретін хабарландыруларды облыста газды өшіру қарсаңында пәтерлер меншік иелерінің тұтынушылар кооперативі және меншік иелерінің бірлестік төрағалары іліп қоятын болады. Жауапты өкілдер Рудный-Қарталы газ құбырын жөндеуге байланысты облыс екі апта бойы көгілдір отынсыз және ыстық сусыз болатынын, осыған байланысты желідегі жүктеме артатынын хабарлады.

"Таңертең тамақ дайындауға мүмкіндігі барлар зейнеткерлер, жұмыс істемейтіндер түстен кейін пісіріңіздер. Кешке жұмыстан келетін өзге тұрғындар пісіретін болады. Мүмкіндігінше жартылай фабрикатталған өнімдерді пайдаланыңыз. Теледидарды сәл өшіре тұрыңыз. Оданда ұмытылған кітаптарды оқыңыз. Кешке саябақта серуендеңіз немесе жай ғана көшеде отырыңыз. Көршілеріңізбен әңгіме дүкен құрыңыз. Бұл айтылғандар қиын еңбекті талап ететін іс емес. Болашақта өмірімізді қиындатпау үшін сәл шыдамдылық танытқан жөн”, – деді "Орталық" пәтерлер меншік иелерінің тұтынушылар кооперативі.



Әсіресе OSI жүйесіне ауысқандар үшін бұл қиын. Себебі үйлердің ішіндегі электр желілерінің тозығы жеткен.

"Барлығы жарамсыз, апаттық күйде тұр. Тіпті кейбірін шаң басып, сымдарының алюминийі үзілейін деп тұр. Сымдар арасында қысқа тұйықталу болса техника да жанып кету қаупі басым. Тіпті өрт шығу қаупі жоғары", – деді “Гагарин 14” меншік иелер бірлестігінің төрағасы Наталья Медведева.

Қалалық электр желісі электрлік жүктемеге дайын екенідерін хабарлады. Қазір "ЭПК-forfаit" ЖШС электр жүктемесінің артуына байланысты қосымша қуат беретін жабдықтарды қарау шараларын жүргізуде. Трансформаторлық қосалқы станциялардағы жүктемені бөлу жұмыстары жүргізілуде. 

Талқылау